Жастар: құқықтар, міндеттер, жауапкершілік.

16.02.2021

2021 жылғы 12 ақпанда жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы, ювеналды полиция лейтенанты М.С.Баранбаевпен студенттер кездесуі ұйымдастырылды.

Әңгімелесу барысында инспектор оқушыларға ұрлық, тонау, бопсалау

және денеге зиян келтіру сияқты қылмыстар үшін жауапкершілік туралы ескертті. Студенттерге қылмыстық жауапкершіліктің жасы және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны туралы түсініктемелер берілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс әр түрлі болуы мүмкін: қатыгездік, агрессивтілік, бұзақылық. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігі заңды немесе моральдық болуы мүмкін.

Инспектор жастарға көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда және карантиндік режимде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтауды ұсынды. Ол студенттерге алкогольдің, темекінің және есірткінің зияны туралы еске салып, осы тәуелділіктің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.

Білім алушылармен сұхбатында полиция қызметкері қылмыстың құрбаны болмау туралы айтты. Кездесуде студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, жеке заттарының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мәселелері көтерілді. Студенттер инспекторды қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтарына жауап алды. Барлық тыңдаушыларға «Жастар: құқықтар, міндеттер, жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық кітапша/жадынама ұсынылды.

Бұл іс-шараның студенттер ортасында құқықтық білімді қалыптастыру мен құқық бұзушылықтың алдын алуда үлкен тәрбиелік мәні болды.



Текст
Виртуальная приемная